Өнер кафедрасының жылдық есебі. » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2022

Өнер кафедрасының жылдық есебі.

Өнер кафедрасының жылдық есебі.Өнер — жанның табан еті, маңдай термен сығып алған шырыны.( Теодор Драйзер)Жас  ұрпақты  өнерге баулып, олардың жан-жақты мәдениетті,  білімді, ақылды да сымбатты   тұлға  етіп тәрбиелеуде мектептің, оның ішінде шебер ұстаз - жетекшінің  атқарар жүгі мол. Биылғы жылы біздің өнер кафедрасы к жылдық жоспар бойынша көптеген іс шаралар атқардық. Мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында кафедра мұғалімдері курстардан өтті, Музыка пәні мұғалімі Ногайбаева Гульнара « Өрлеу» біліктілік орталығынан « кәсіби құзіреттілігін дамыту курсын», тиімді оқу және оқыту деңгейлік курсын оқып сертификат алды.  Музыка пәні мұғалімі Ибрагимова С« Өрлеу» біліктілік орталығынан « кәсіби құзіреттілігін дамыту курсын» оқып  сертификат алды. Көркем еңбек  пәнінің мұғалімі  Касабекова Айгүл « Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту», «Қашықтықтан оқыту, сабақты әзірлеуден бастап білім беру процестерін ұйымдастыруға дейінгі», «Көркем еңбек пәні бойынша білім беру процесін жобалау және жүзеге асыру» курсын өтіп сертификат алды.

Бірлестік жетекшісі Ногайбаева Г. бастамасымен өнер бірлестігі 28 ақпан-6 наурыз  аралығында декада өтті, апталық салтанатты түрде ашылды. Оның аясында жоспарланған шараларды жүзеге асыру бағытында музыка пәнінің мұғалімдері  Ногайбаева Г, Ибрагимова С, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері – Касабекова А, Тынышбаев Б, Ластовская Н, Хореография жетекшісі Отепова Г апта бойы оқушылармен тығыз байланыста жұмыс істеді.

Апталық аясында музыка пәнінің мұғалімі Ибрагимова Сәндігүл 2 «а» сыныбында  « Халық әуені және ырғақтары» атты тақырыбына жоғары деңгейде  ашық сабақ өткізді, сабақтың мақсаты дұрыс жолда қойылған, оқушылар халық әндері туралы өз ойларын жеткізе алды, халық әндерін тұрмыстық әндермен байланыстыра отырып құндылық туралы айтып өтті, музыкадағы ырғақты ойын арқылы көрсетіп балалар ырғақты дұрыс орындап шықты.

 «Жыл мезгілі және табиғат құбылыстары»атты  4 «б»сыныбында    ашық сабақты музыка пәнінің мұғалімі Ногайбаева Г жоғары деңгейде өткізді. Сабақты мақсатын аша отырып жүйелілігі меңгерілді, әрбір әдіс тәсілдерді қолдана отырып балалардың сабаққа деген құлшынысын арттырды және кері байланысты балалар өте ұтымды берді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Касабекова А « Материал таңдау және дайындау» атты ашық сабақ өткізді, сабақ   мақсатына жетті, қыздар   алжапқышты  сұлбасын жасауды  үйренді.

«Разработка робота, эскиз » тақырыбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Тынышбаев Б 6 «в» сыныбында өткізген ашық  сабағында ұлдарға  роботтың эскизін жасата отырып көрме ұйымдастырды.ұйымдастырылған сайыс оқушылардың қызығушылығын туғызды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ластовская Н.  «Эскиз фартука» тақырыбында 6 «в» сынып қыздарымен  ашық сабақ өткізді. Қыздар үйлерінен  мата әкеліп куыршақтарына алжапқыш тікті, оқушылардың сабаққа деген қызығушылақтары арта түсті. Хореография пәнінің мұғалімі Отепова Г. «Современные ритмы» атты ашық сабағын өте жоғары деңгейде өткізді. Оқушыларды өазіргі заманауи билерге үйретіп, бидің денсаулыққа пайдасы бар екенін түсіндіріп айта кетті,  Сондай-ақ,  Өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізген «Жүзден жүйрік» атты  7 сынып оқушылары арасындағы интеллектуалды ойын өте қызықты өтті. Апталықта әрбір үлкен қоңырауда музыка пәнінің мұғалімі Ногайбаева Г   «Бір күйдің тарихы» атты танымдық   сабақ ұйымдастырды. Ол жерде күйшілер туралы және бір күйдің тарихын бейне таспадан тыңдатып, оқушылардың күй тыңдауға деген қызығушылықтарын оятты.Көркем еңбек пәні мұғалімдері көрме ұйымдастырды. Ластовская Нина  театр сахнасында өз өнерлерін көрсетті Нина Викторовна  сахнаның дизайн өзі жасап,киімдерін оқушылармен бірге дайындады.  Апталық соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.  Мектеп ішілік іс шараларда « Өнер кафедрасы» мереелік іс шараларға қатысып өз өнерлерімен тәнті етті. Республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындар алып қайтты.  Музыка   пәні мұғалімі Ибрагимова Сәндігүл « Әлемді аялаған-  Ана»   атты   II республикалық  шығармашылық байқауға  оқушылар дайындап   Балтабек Айзере бас жүлде,  Клишина Ангелина , Кожагулова Дамеля 1 дәрежелі дипломмен мараппаталса, Тоқтар Досқан және Бақыт Айдана  2 дәрежелі   дипломмен мараппатталып,   Ибрагимова С Құрмет грамотасымен   және Алғыс хатпен мараппаталды.  

 Көркем кңбек пәні мұғалімі Касабекова Айгүл  «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында мектепішілік онлайн сурет байқауы өткізілді. Байқауға 5-7сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқушыларым   1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

    «Дарын Азия» Халықаралық үш тілде оқытатын онлайн оқу орталығы ұйымдастырған шығармашылық байқауға, Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, Ұстаз тілегі» білім беру порталының   Блиц турниріне қатысып  12,3  дәрежелі дипломдарымен  оқушылары марапатталса,  «Көркем еңбек» пәнінен мұғалімдер арасында өткен байқауға қатысып 2 дәрежелі дипломды иеленді.  Оқушылардың салған суреттері «Өрлеу» порталының инстаграм парақшасына жарияланды.

 Тынышбаев Бауыржан Құдышханович  оқушыларын сурет  көрмесін ұйымдастырып оқушыларды онлайн конкурстарға қатыстырып жүлделі орындар алып   және  суреттерін инсттаграмм парақшасында жариялап отырды. семинарды мектептің  оформлениясын жасауда үлкен іс атқарды

 Сондай ақ   музыка пәні мұғалімі Ногайбаева Г « музыка пәні мұғалімінің кәсіби дамуы, ізденіс, шеберлік, тәжірибе атты әдістемелік нұсқаулық жазды және республикалық ғылыми әдістемелік журналына өзінң әдіс тәсілдерімен бөлісіп, оқыту тәрбиелеу технологиясы журналына мақаласын таратты. Көркем еңбек пәні мұғалімі Касабекова А республикалық ғылыми әдістемелік журналына өзінің әдіс тәсілдерімен бөлісіп, оқыту тәрбиелеу технологиясы журналына мақаласын таратты.

 Сәуір айында өткен облыстық семинарда  Ногайбаева Г  «Сандық тәсіл» әдісі тақырыбында шебер сабақ өткізіп,  облыстық   білім беруді дамыту орталығының  Алғыс хатымен марапатталса, Көркем еңбек пәні мұғалімдері Касабекова А мен  Тынышбаев Бауыржан Құдышханович  стем тәсілімен оқушылардың жұмыстарын көрсетті. Семинарда мектептің  безендіру жұмысын жасауда үлкен іс атқарды. мен   Тынышбаев Бауыржан Құдышханович   облыстық   білім беруді дамыту орталығының  Алғыс хатымен марапатталды.  Жылдың соңында музыка пәні мұғалімі Ногайбаева Г. «Қоңыр үнді домбыра атты есеп беру концертімен қортындылады.

Келесі оқу жылында өнер кафедрасы мынандай  жоспарлар алдына мақсат қойып отыр :

Республикалық, халықаралық байқауларға  балаларды қатыстыру

Әрбір мұғалім өзінің ютуб каналдарын ашып сабақтарын, іс шараларын таратып отыру.