Тілдер мерекесі » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2022

Тілдер мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. 
Жалпыхалықтық атаулы датаны туғанына 150 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орайластыруында үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.
"Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы -тіл" деп Ұлы Ұстаз айтқандай лицей қабырғасында тіл мерекесіне орай бір қатар шара өтуде.