«Жаратылыстану» пән кафедрасының 2021-2022 оқу жылы бойынша есеп. » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаратылыстану» пән кафедрасының 2021-2022 оқу жылы бойынша есеп.
25
май
2022

«Жаратылыстану» пән кафедрасының 2021-2022 оқу жылы бойынша есеп.

«Жаратылыстану» пән кафедрасының 2021-2022 оқу жылы бойынша есеп

            7-сыныптан бастап білім саласы құрамына жаратылыстану білім беру бағытының: «География», «Биология»  және «Химия» пәндері кіреді. 5-6 сыныпта «Жаратылыстану» пәні оқытылады.МАҚСАТЫ:Табиғат құбылыстарын зерттеуде жүйелілік, сабақтастық принциптерін түсіну, ғылыми парадигманың өзгеруі жағдайында ғылыми дүниетаным мен әлемнің заманауи көрінісін қалыптастыру. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары білім алушыларда міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, білу дағдыларын қалыптастыру

Жаратылыстану пән кафедрасында 8 мұғалім дәріс береді. Оқу жылдың басында алғашқы отырыста кафедра мүшелері 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты талқылады , сонымен қатар кафедраның жылдық жұмыс жоспары ұсынылып, бекітілді. Қашықтытан оқыту кезінде пән бойынша орын алған олқылықтар туралы сурақтар талқыланды,  олқылықтарды жою және олардың орнын   толықтыру бойынша  келесі    жұмыс түрлері жүргізілді:

  • әдістемелік кафедраның оқу пәндері бойынша  білім алушылардың (5-11 сыныптар) оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша отырыстар  өткізілді, жыл басында бастапқы бақылау жұмыстары алынып, сараптама жұмыстары жүргізілді, соның нәтижесінде олқылықтарды жою жоспарлары құрастырылды
  • цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану /edu.kz, «Өрлеу» БАО, үздік педагогтардың авторлық сабақтары, «Best педагог» республикалық конкурсы   жеңімпаздарының тәжірибесін қолдану ұсынылды;
  •  пән мұғалімдеріне   арналған тегін ресурстарының сілтемелері берілді, сабақ барысында пайдалануда.  /Сілтемелері: «Өрлеу» on-line,https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g./;

 Тоқсан сайын сараптама есеп тындалып, жұмысты әрі қарай күшейту шаралары ұсынылды

Кафедраның жұмыс жоспарына олқылықтармен жұмыс жүйесі, іс әрекетті зерттеу жұмыстары, БЖБ, ТЖБ нәтижесі, қорытынды аттестаттауға және ҰБТға дайындау туралы жұмыстар еңгізілді , сонымен қатар PISA бойынша дайындық жұмыстары ескерілді. 

Пәндер бойынша жылдық білім сапасы төмендегідей болды:

  • Химия- 89%
  • Биология- 98%
  • Жаратылыстану- 98%
  • География-98%

БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша талдау жұмыстары  тоқсан сайын жүргізілді.  Есепте ұстаздар қиындық тұдырған мақсаттар мен сұрақтар бойынша сараптама жұмыстарын жүргізіп анализ есептерін берді. Әр пән бойынша орын алған қателер туралы талқылау жүргізілді, барлық есептер жинақталып дер кезінде жіберілді.

   Гимназия бойынша Lesson study жұмыстары ұйымдастырылды. Жаратылыстану кафедра ұстаздары Л.Садыканова және С.Сулейменова гимназия бойынша  өткізілген Lesson study жобасына эксперт ретінде қатысты. Жоба барысында атқарылған жұмыстары туралы әдістемелік кеңес отырысында ауқымды есеп берілді.

  •  Оқу жылдың барысында іс әрекет зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар төменгі бағыттар бойынша ұйымдастырылды
  • Таңдаған сынып оқушылардан гугл форм арқылы сауалнама алында
  • Сауалнама нәтижесі бойынша әр ұстаз сыныптағы орын алатын проблеманы анықтап жұмыс бағытын, қолданылатын әдіс тәсілдерін таңдап, бақылау жұмыстарын жүргізді
  • Кафедра атынан өз тәжірибесімен география пәнінін мұғалімі А. Халикова бөлісті

Аталған бағыттағы жұмыстар дұрыс деңгейге жетпеді, атап айтқанда бақылау циклді сабақтар ұйымдастырылса да пән мұғалімдердің өз ара сабаққа қатысулары төмен болды, осы жұмысты келесі оқу жылына әрі қарай тереңдетуге және арнайы курстардан өтуді жөн көрдік.

24-28 қантар аралығында  Жаратылыстану пәндер кафедрасының апталығы өтілді. Апталық мақсаты «Жаратылыстану пәндері сабақтарыда STEM оқыту технологияларын және ақпараттық коммуникациялық технология элементтерін қолдану арқылы тұлғаның жаратылыстану ғылыми сауаттылық пен медиа құзырлығын арттыру». Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін ашық сабақтарда мұғалімдер STEM технологияларын пайдаланып, ашық сабақтарында түрлі әдіс тәсілдер арқылы оқушылардың ғылыми сауаттылықтарын дамыту және пәнге деген қызығұшылықтарын арттыра білді. Апталық барысында   оқушылар мен мұғалімдерге арналған   сабақтан тыс іс шаралар ұйымдастырылды. Жалпы апталық жоспар бойынша жоғары деңгейде өтілді.

  Жыл бойы кафедра ұстаздары түрлі деңгейде өткізілген вебинар мен семинарларда өз іс тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар оқушыларын олимпиадаға қатыстырып жүлделі орындарға қол жеткізді. 

Магниттік мектеп вебинарға қатысып тәжірбесімен бөліскен ұстаздар

  • Л.Садыканова
  • А.Нургалиева
  • Ж. Хасенова
  • С.Сулейменова

Жетісу Дарын ғылыми орталығының вебинарлары

  • Л.Садыканова ,С.Сулейменова
  • Химия пәнінің мұғалімі А .Нурғалиева «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды
  • Облыстық әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған семинарында ағылшын тілінде оқытылатын биология және химия пәндер бойынша Л.Садыканова және А.Нургалиева ашық сабақтар өткізді

Оқұшылар жетістіктері

Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлері:

Темирбулатов Дарын -ІІ орын, биология  Садыканова Л.Т.

 Абдурашитов Ихтияр–ІІІ орын, биология Садыканова Л.Т.

Пичкунова Аяжан -ІІ орын,  химия Нургалиева А.Т.

Рахат Эльнара –ІІІ орын, химия Ихсанова Э.О.

Жаратылыстану пәні бойынша, Президенттік олипиада, І орын, облыстық кезең. Ихсанова Э.О.

Айтбек Назерке 

Омар Алуа

Облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері:

  • Айтбек Назерке І орын, биология Ихсанова Э.О
  • Еркін Диана ІІ орын биология Ихсанова Э.О.
  • Суябай Нурхат ІІІ орын биология Ихсанова Э.О.
  • Аманжол Аружан ІІ орын химия Нургалиева А.Т.
  • Жиенбаева Перизат ІІІ орын химия Нургалиева А.Т.
  • Кафедра ұстаздарының жылдық рейтинг көрсеткіштері

Қорытынды: 

Мықты жақтары

Курстарға қатысу деңгейі

Оқушылардың олимпиада мен ғылыми жоба байқауларына қатысу көрсеткіштері мен нәтижесі


Әлсіз жақтары

Педагогтардың STEM білім берудегі біліктіліктерінің жеткіліксіздігі.     

  Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру тақырыптары бойынша және авторлық бағдарламалар мен электрондық оқулықтар, ОӘК құру , озық тәжірибелерін тарату жұмыстарының, инновациялық ізденістерге ұмтылу белсенділіктерінің төмендігі.

Іс әрекетті зерттеу жұмыстары төмен деңгейде өтілуі


Мүмкіндіктер

. Мұғалімдерді дамытуға арналған  әртүрлі курстар мен ресустарының мол қорының қолжетімділігі.

  АйТи, СТЕМ, виртуалды зертханалар және түрлі цифрлы платформалар  мүмкіншіліктері арқылы оқушылардың ізденіс, зерттеу жұмыстарын дамыту, функционалдық сауаттылығын арттыру. 


Қауіп-қатерлер

Олқылықтармен жұмыс барысында кейбір тақырыптарының назардан тыс қалуы

Жаратылыстану пәндер бойынша апталық жүктемесінің  қысқартылуы