«PISA, PIRLS зерттеулеріне дайындық жұмысын жүргізудегі тәжірибе алаңы» атты вебинар өтті. » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «PISA, PIRLS зерттеулеріне дайындық жұмысын жүргізудегі тәжірибе алаңы» атты вебинар өтті.
28
январь
2022

«PISA, PIRLS зерттеулеріне дайындық жұмысын жүргізудегі тәжірибе алаңы» атты вебинар өтті.

2022 жылдың 27 қаңтарында «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында PISA, PIRLS зерттеулеріне дайындыққа   бағытталған жұмыстарды ұсыну, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «PISA, PIRLS зерттеулеріне дайындық жұмысын жүргізудегі тәжірибе алаңы» атты вебинар өтті. Жұмыс барысында гимназиядағы PISA, PIRLS зерттеулеріне дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыс бағыттарымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Аскарова таныстырды. Математика пәні мұғалімі К. Раджапова оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Абдусаламова  оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сапасын арттырудағытәжірибелерімен бөлісті. Вебинар жұмысын облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының білім берудегі менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы Немеребаев Ермек Сүйеубекұлы қорытындылады.