Жұлдыздар шеруі! » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2022

Жұлдыздар шеруі!

"Балалар жылы-2022" аясында гимназия менеджері Инкарбекова Ж.Б ұйымдастыруымен ғылыми жоба, олимпиада, түрлі конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау, таныстыру  мақсатында «Жұлдыздар шеруі» атты салтанатты жиын өтті.  Бұл шеруде дарынды оқушыларымыздың дарынын ашып, жетістікке жету жолында бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген талантты ұстаздарымыз да, гимназия директоры атынан марапаттарға ие болды. Мектеп ұжымы атынан осы шеруге қатысқан барлық оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз! Жұлдыздарымызды жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!