Алғашқы қоңырау жиыны » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2019

Алғашқы қоңырау жиыны

Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесінде гимназиямызда салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанаты басында егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары алғашқы ұстаздары Натикулова Айман, Сугирбекова Назикул және Зекенова Динара бірге қошеметпен ортаға шықты. Алғы сөзді гимназия директоры Махметова Жанат Сейдиновна - Білім күніндегі салтанатты мерекеде Әнұран орындалғаннан соң, гимназия директоры жиынды ашып берді. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектепте білім алушылар мен мұғалімдер жайында қысқаша баяндады. Гимназия тарихында түлектерді ұшырған білім ордасынан әлі де көптеген үлгілі шәкірттердің шығарына сенім артқан директор жаңа ұжымды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.  Әрі қарай жарқын болашақтың кішкен-тай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Оларға мектеп бітіруші түлектері қанаттарының талмауын тілеп, сыйлықтарын табыс етті.Салтанатта сонымен бірге, мектеп өнерпаздары ән шырқап, алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, барша оқушыларды «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!» атты алғашқы сабаққа шақырды.