«Тұлғаға бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру көрсеткіштері» тақырыбы аясында вебинар » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тұлғаға бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру көрсеткіштері» тақырыбы аясында вебинар
03
ноябрь
2020

«Тұлғаға бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру көрсеткіштері» тақырыбы аясында вебинар

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы магниттік мектеп мұғалімдерімен «Тұлғаға бағытталған білім беру ортасын ұйымдастыру көрсеткіштері» тақырыбы аясында вебинар өткізді. Гимназия менеджері Ж.Б.Инкарбекова гимназиядағы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырп, іске асыру жолдарымен, «Мирас» мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысымен таныстыра келіп, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба конурстары мен олимпиадалар, әр түрлі деңгейдегі интеллектуалдық конкурс, байқаулардағы оқушылардың жетістіктері туралы мәлімдеді. Дарынды балалармен жұмыс жүргізе отырып, жоғары нәтижеге, жақсы көрсеткіштерге жетуде пән мұғалімдерінің атқаратын еңбегі, ролі зор екені белгілі. Вебинар жұмысы барысында оқушылары халықаралық ғылыми жоба конкурсының жүлдегерлері, физика пәнінің мұғалімі А.Б.Ажмұхамбетова «Физика сабағында жобалау әдісін қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын оята отырып, келешекте ғылымға жаңалықтар енгізуге талпыныс жасау» тақырыбында, сонымен қатар, бір оқу жылы ішінде бірнеше оқушысы облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындарды иеленген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.А.Құсбатырова «Дарынды оқушыларды ағылшын тілі пәнінен олимпиада және ғылыми жоба конкурсына дайындау» тақырыбында жетістікке жету жолындағы тың идеяларымен бөлісіп, пікір алмасты. Вебинар жұмысы тиімді де, сапалы кері байланыспен аяқталды.