Жарқыра,жайна,жас маман! » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2022

Жарқыра,жайна,жас маман!

Жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау,  оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, қолдау көресету мақсатында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.К.Райымкулованың ұйымдастыруымен гимназияда сәур айының 4-8 аралығында «Жарқыра, жайна, жас маман!» атты апталық өтті. Апталықта жас мамандарымыз оқушылар арасында және  өз әріптестерімен   қызықты сұрақтар мен логикалық тапсырмалардан тұратын интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: информатика пәнінің мұғалімі Каранова Айғаным «Желілік ойындар. Пайдасы мен зияны атты «Дебат», физика пәнінің мұғалімі Әбдіхалық Мағжан «Болашаққа қадам» интеллектуалдық ойынын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Имаматдинова Севара «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Поэтическая гостиная» үш тілде әдеби сағат, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Отан Ердос, Тұрғынбай Асқар жас мамандар мен оқушылардан құралған топтар  арасында «Көңілді мәре» спорттық сайысын және әр түрлі спорттық іс-шаралар өткізді. Апталық жоспарына сай  жас мамандарды әдістемелік қолдау мақсатында «Дарынды балаларға–талантты ұстаз» мектепішілік олимпиадасы өткізілді. Жас мамандардың өз кәсібіне деген көзқарасын, құзіреттіліктері мен қызығушылығын арттырған іс-шаралар өз нәтижесін берді. Апталық жұмысы шығармашыл, белсенді жас мамандарды және «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» мектепішілік олимпиадасының жеңімпаздардын марапаттаумен қорытындыланды.