Жоғары оқу орындарымен сабақтастық. » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жоғары оқу орындарымен сабақтастық.
01
март
2022

Жоғары оқу орындарымен сабақтастық.

Оқушылардың ғылыми-танымдық қызығушылығын  қалыптастырып, дамытуда мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы  сабақтастықты арттыру  бүгінгі таңда өзекті мәселе  екеніндігі белгілі.

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен, Жаратылыстану және география институтымен екіжақты ынтымақтастық  туралы   Меморандумға қол қойылған. Меморандум аясында - жалпы және қосымша білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

  • мақсатты әлеуеметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру;
  • мектеп   қызметін жақсартуға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындау және өткізу;
  • тараптардың ұйымдастырған конференцияларына, семинарларға, форумдарға және басқа да іс-шараларға   қатысып,  тәжірибелерімен және білімдерімен алмасу;
  • тұрақты түрде бірлескен, соның ішінде студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен кездесулер өткізу, бейнеконференция ұйымдастыру;
  • білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара қызығушылық тудыратын ақпараттармен алмасу   жұмыстары жоспарланып, іске асырылуда. 

           Атап айтсақ, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ғалымдардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі,  университетте өткізілетін ғылыми конференцияларға қатысуы,  7-11 сынып оқушыларының университет зертханаларымен танысуы – мектеп пен университеттің бірлескен іс-шаралары арқылы жүзеге асырылуда. Жұмыс нәтижесінде оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба конкурстарында жүлделі орындар иеленіп, жоғары оқу орындарының студенттері атануда. Сонымен қатар, ғалымдардың жетекшілігімен оқушылар «Туран» университетінде, «Жас натуралист» клубында, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында (РМҚК) өткізілетін ғылыми жарыстарға жүйелі түрде қатысып, өздерінің зерттеушілік қабілеттерін арттырып, ғылымға деген қызығушылығын дамытуда.

Осындай іс-шаралардың қатарында, мектептегі жас мамандар мен   университеттің бітіруші курс білім алушылары үшін «Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындық» онлайн кездесуді атауға болады. Онда жас маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Имаматдинова Севара бітіруші түлектерге бүгінгі таңда жас маман ретінде мектепке орналасу үшін  ҰБТ тапсыруға қандай дайындық қажет және  тапсыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. 

Гимназия ұжымы және гимназияға бекітілген магниттік мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өткізілген «Мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына баулу, зерттеушілік қабілетін дамыту жолдары» атты әдістемелік вебинарды да атап өтуге болады. Вебинарға қатысушылар  университеттің оқытушы-профессорларымен   дарынды балаларды анықтау, олармен жүргізілетін жұмыстар, зерттеушілік қабілетін дамыту тақырыптарында  пікірлерімен бөлісті.

Біліктілікті көтеру бойынша да семинар тренингтер өткізіліп, тәжірибе алмасулар жиі ұйымдастырылады. Соның бірі,  «Химия пәнінен есептер шығарудың әдістемелік жолдары: тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық потенциялдар қатары, гальваникалық элементтер, электролиз» атты республикалық вебинары.


 Бірлескен іс-шаралар:

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессор- оқытушыларының Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясында «Мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жұмысына баулу, зерттеушілік қабілетін дамыту жолдары» атты әдістемелік семинардағы баяндама тақырыптары

№ Баяндама тақырыбы Баяндамашы

1 Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы дүниетанымын дамыту Касенов Солтанбек Капасович, п.ғ.к., доцент

2 Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау Избасарова Римма Шаймерденовна, п.ғ.к., профессор

3 Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту жолдары Жусупбекова Нурсулу Сарсеновна, х.ғ.к., аға оқытушы

4 Мектеп оқушыларының жоба жұмыстарын ұйымдастыру Камиева Гульжанат Сейткама.











                                           

                                             Имаматдинова Севара