«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» ! » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» !

Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –
деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де ұлы ақынымыздың туғанына 80 жыл  толуына  арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»  атты тәрбие сағаты өтті. 5-7 орыс  сыныптары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның  өмірімен, шығармашылығымен танысты. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдері Абдусаламова Ж мен Боранбаева Қ -бұл тәрбие сағатының мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.
Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып,  оқушыларды өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу,-деп атап көрсетті.