«Жамбылтану» кабинетінің ашылуы! » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2022

«Жамбылтану» кабинетінің ашылуы!




28 ақпан- әлемге қазақ өлеңінің барша асылын жарқырата танытқан «халық поэзиясының алыбы» Жамбыл Жабаевтың туылған күні. Ұлы Даламызда ұлттық сөздің туын көтерген тұлғалар аз болған жоқ. Ұрпақтар сабақтастығын ұлы өнерімен жалғаған жыраудың соңында қалдырған мол мұрасы қай кезде де ұлтымыздың рухани қазынасы екені даусыз. Сондықтан Жамбыл туралы сөз – қазақ сөзінің қасиеті туралы сөз.
Ақын қалдырған атақты әдеби мұралардың алтын арқауын саралағанда олардың өн бойынан азаттық ойдың ұшқыны айқын көрінеді. Гимназиямызда ақынның туылған күніне орай қазақ тілі пәні мұғалімі Абдусаламова Ж.А жетекшілігімен «Жамбылтану» кабинеті ашылды.  Ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері мен ақын туралы ұлы тұлғалардың қанатты сөздері үйлесімділікпен орналасқан. Бұл іс-шара одан әрі ақынның туылған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, ақын өмірінен сахналанған көріністер де қойылды. Еңбектеріңізге жеміс тілейміз құрметті ұстаздар. Шәкірттеріміз биік белестерден көріне берсін.