Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс шара » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс шара
18
сентябрь
2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс шара

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтуде. Елдің азаттығына аттай 30 жыл. Осы аралықта толдық, есейдік, аяқтан нық тұрдық. 
 Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деді Елбасымыз өзінің жолдауында. Гимназиямызда өтіп жатқан іс-шаралардың  басты мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.