Хабарландыру » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2020

Хабарландыру

Дарынды балаларға арналған  үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясына   іріктеуге қатысуға үміткерлерді қабылдау ережесі.

Дарынды балаларға арналған  үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясына 1,5 сыныбына конкурстық іріктеуге қатысуы үшін 2020 жылдың 15 мамыр мен 17 маусым аралығында келесі құжаттар kcgod2@mail.ru почтасына жіберу арқылы электрондық түрде қабылданады.

Арнайы 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша үміткерлердің ата-анасының /заңды өкілінің өтініші;

Оқушының туу туралы куәлігі/паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі;

Білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген талапкердің табельдерінің көшірмелері;

Үміткерлердің 3*4 көлеміндегі 4 дана фотосуреті;

2.Қабылдау емтиханның уақыты :18 маусым ,сағат 9.00

3.Конкурстық іріктеу  емтиханы 1 сыныптарға сауат ашу   және математика пәндерінен жүргізіледі.

4. 5-сыныптарға оқушылар қабылдау облыстың ауылдық мектептерінде 4-сыныпты оқып бітірген оқушылар арасында қазақ тілі мен математика пәндерінен емтихан алу арқылы, конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсқа 4-сыныпты «үздік» және «оқу екпіндісі» үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады

4.Емтихан нәтижесі келесі күнде мектеп сайтына ( http://2-kargaly.mektebi.kz/) және мектеп дәлізіндегі ақпарат тақтасына шығарылады.


 Емтихан өткізу тәртібі:

5.1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрықтың 19) тармақшасына сәйкес  санитарлық нормаларын сақтауына байланысты  емтихан тапсыру кезінде оқушылар бетперде киуі керек.

5.2. Жазба жұмыстарын орындау  және ауызша жауап беруге дайындалу үшін үміткерлерге мектептің бұрыштама мөртабаны басылған қағазы беріледі.  Жұмысты орындаған үміткерлер оны шимай қағазымен бірге конкурстық  комиссиясына тапсырады.

5.3. Жазба емтиханын өткізу кезеңінде  үміткерге сыныптан 5 минутқа шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихан жұмысында үміткердің емтиханнан шығу ұзақтығы көрсетіліп жазылады.

5.4. Кезекті емтиханда «2» бағасын алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.

5.5. Емтихан материалдарын таратуға, аудиторияда тәртіп ережелерін түсіндіруге бөлінген уақыт белгіленген уақытқа кірмейді.

 Егер балаңыз егемен елдің білімді де, өрелі, өнерлі, дарынды да талантты әрі азаматтық, патриоттық, ұлттық-рухани тәрбиемен сусындап, биік белестерді бағындырсын десеңіз гимназиямыздың есігі Сіз үшін әрдайым ашық!

Гимназияның мекен –жайы және байланыс телефоны: Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Наурыз көшесі,1. 8(727-70)30-6-33,87477810393.