30
ноябрь
2021
Пәнді ағылшын тілінде оқыту вебинары.
2021 жылы 29 қарашада «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеу режимі» жобасы аясында Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың мүмкіндіктері мен қиындықтары» тақырыбында вебинар өтті. Жұмыс барысында гимназияның физика пәнінің мұғалімі Сатей Абдолла және химия пәнінің мұғалімі Нургалиева Айжан пәнді ағылшын тілінде оқытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарға қатысушы Балқаш ауданының мұғалімдері және облыстық оқу-әдістемелік орталық әдіскерлері өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.