"Мектеп асханасы" айлық акциясы » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы государственное учреждение Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72770)30-632
Бухгалтерия
+7(72770)30-628
Версия для
слабовидящих
28
февраль
2020

"Мектеп асханасы" айлық акциясы

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясында «Мектеп асханасы» акциясының аясында 27.01-27.02 аралығында жоспарлық жұмыстар жүргізілді. Акция барысында гимназия медбикесі Алдамбергенова Алия тамақтану сапасына мониторинг жасап отырды, оның ішінде тамақтың сапасына, жасалған өнімдерін, ас-мәзірінің сақталып, орындалу жұмысына тексеріс өткізіп тұрды. Сондай-ақ, тексеру комиссиясының мүшелері гимнзияның әлеуметтік педагогы Сүлеймен Г.А және медбикесі Алдамбергенова А. асхананың санитарлық жағдайын, асханадағы қажетті ыдыс-аяқпен құрал-жабдықтармен қамтылуын, оқушыларды тамақтандыру дәмі, азық-түлік мөлшерінің нормасы тексерді. Акция аясына мұғалімдер мен оқушыларда белсенді ат салысты. «Дәрумендер – денсаулық кепілі» 1-4 және «Ас – адамның арқауы» 5-8 атты сыныптар арасында сынып сағаттары өткізіліп, ол жерде дұрыс тамақтануды насихаттау, тағамдарда дәрумендердің маңыздылығы және денсаулыққа пайдалылғы жайлы айтылып кетті. Дұрыс тамақтана білуді, салауатты өмір салтын ұштастыра отырып, әлеуметтік педагог Сүлеймен Г., қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдусаламова Ж. , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлғожа М. «Салауатты өмір- біздің болашағымыз» атты интеллектуалды сайысын ұйымдастырып, акциямыздың соңғы мәрелік іс-шарасымен аяқтады.