Іс-шаралар » Страница 6 » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өзін-өзі басқару ұйымын сайлау
17
сентябрь
2021
Өзін-өзі басқару ұйымын сайлау
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні  гимназиямызда өзін—өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті.  Дауыс беру қорытындысы бойынша,  10а сынып оқушысы Иделбаев Махамбет үміткерлер арасында көп дауыс жинап,  гимназия президенті атанды.  Сонымен қатар, “Мектеп парламенті” өзін- өзі басқару ұйымының алғашқы отырысы өткізіліп, фракция жетекшілері тағайындалды. Нравится Комментировать
Тілдер мерекесі
10
сентябрь
2021
Тілдер мерекесі
Тілдер мерекесіне орай 10 "А" сынып оқушылары Маратқызы Ару, Еділ Алуа "Сыныптан тыс шаралардың ағылшын тілін меңгерудегі ықпалы" тақырыбында ғылыми жобасының жұмыс барысымен таныстырып өтті. Жоба жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Құсбатырова Айман Амангелдиевна. Сонымен қатар Каниева Аружан "Speaking klub" клубының ашылуын жариялап, мақсаты мен міндеттерін айқындап берді. Шараға мұғалімдер және 9-10 сыныптар қатысты. Шараға "Kargaly2 DARYN TV" тілшілері қатысып, ақпаратпен бөлісуде.
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында ІІП жасөспірімдер инспекторымен кездесу
10
сентябрь
2021
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау мақсатында ІІП
Бала қауіпсіздігі қашанда бірінші орында.   Сол себепті де бүгін Қарғалы гимназиясы оқушылары арасында  жолда жүру ережесін қатысты әңгіме өтті.. Әңгімені аудандық патрульдік полиция инспекторы лейтенант  Кенжебек Дархан мен жасөспірімдер мен жұмыс жүргізуші полиция қызметкері Анар  Оразахуновна сұхбат өткізіп, балалардың жол апатының алдын алу шараларын жасады.
Сәт сапар, Жас түлек
14
июнь
2021
Сәт сапар, Жас түлек
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы 2 арнаулы гимназиясынан 2021 жылы 35 түлек үлкен өмірге жолдама алды. Оның ішінде 7 - "Алтын белгі", 8 - "Үздік аттестат" иегері атанды. Үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар. Қанаттарың талмасын, биіктерге шарықтай беріңдер! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңе тілектеспіз. Таңдаған мамандықтарыңның мықты маманы, кәсіпқойы болыңдар! Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңда күтіп тұрған жаңа
Алтын күз
03
ноябрь
2020
Алтын күз
"Алтын күз" айдарымен қашықтықтан өткізілген шығармашылық байқау қорытындысы:
Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін, 1001 мақал, 101 нақыл
26
февраль
2020
Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін, 1001 мақал, 101 нақыл
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына жаққан бір сәуле сөнбес үшін, 1001 мақал, 101 нақыл тақырыбында өткізілген сыныптан тыс іс-шара. Абай шығармаларын оқушылар қаншалықты білетіндерін, ол нақылдардың мән-мағынасын тану. 5-6 сынып оқушылары арасындағы Абай ата шығармаларына қызығушылықтарын арттыру.
Республикалық экологиялық сағат
03
октябрь
2019
Республикалық экологиялық сағат
03 қазан 2019 жылы «Республикалық экологиялық сағат»
1 қазан Қарттар күні мерекесі
02
октябрь
2019
1 қазан Қарттар күні мерекесі
1 қазан Қарттар күні мерекесіне арналған «Қарттарым - асыл қазынам» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.