Бүгінгі жас,ертеңгі – қария. » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы Білім басқармасының Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770)30-632
Есепші бөлімі:
+7(72770)30-628
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2021

Бүгінгі жас,ертеңгі – қария.

Бүгінгі жас,ертеңгі – қария.Мұны әрбір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп,атасыз үйлері – батасыз,анасыз – үйлері  панасыз қалатынын ескерген жөн.
Қарттарымыз бағасыз байлық,төрімізде отыруының өзі бір бақыт.
       Арсыз күлкің  тыйылмас,жылауың да
       Айтасың да басылмас ылаңың да,
       Араздасып ағайын кетер  еді
       Бір қария  болмаса  бір ауылда- демекші, 1 қазан мен 1 қараша аралығында  қарттар мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар біздің гимназиямызда да жалғасын табуда. Бастауыш сынып оқушыларының  ұйымдастыруымен   «Дария кеуде, тау мүсін. Қарттарым аман саумысың?» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Гимназия оқушыларының атынан жалғызбасты қарт кіслерге көмек көрстілді. Олар: тыл ардагерлері Манатжан атамен жұбайы және де Якупов Ямахан 2-топтағы мүгедек. Қарт кісілер өз аттарынан гимназия оқушыларына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Жаңбырмен жер көгерер,Батаменен ел көгерер,- демекші бүгінгі бала-ертең сені бағар азамат екенін ұмытпағанымыз абзал.