22
май
2020
«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 2020 жылғы 22 мамырда онлайн режимінде «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізді.
Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады.
Тікелей эфирде республиканың әр түрлі қалаларынан, сондай-ақ жақын шет елдерден (РФ-5, Қырғызстан-4) 143 жас зерттеуші 109 жұмыстарын ұсынып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
Бұл жарысқа гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Зиинула Марлен қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Осы олимпиада туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеден қарауыңызға болады: жарыс