Жазғы мектеп 2022 » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы государственное учреждение Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72770)30-632
Бухгалтерия
+7(72770)30-628
Версия для
слабовидящих
26
май
2022

Жазғы мектеп 2022

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясында 26 мамырдан жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Жазғы мектеп – бұл баланың көңіл-күйін, олардың ғылымға деген, пәнге деген қызығушылығын оятуға жұмыстанатын арнайы сәт. Бұл уақытта бала баға үшін оқымайды. Бар болғаны, сәтті демалыс пен оқудың арасындағы байланысты үзбеу үшін жұмыстанады. Гимназия мұғалімдері сабақты түрлендіру, пәнге деген қызығушылығын көтеруде барша күш-жігерін салуда. Гимназияда сабақ тиімді, толыққанды, қызықты, оқушылардың жан-жақты білім алуына бағыттылған. Оқушылардың күнделікті уақыты оқыту сабақтарымен ғана шектелмейді. Гимназия оқушылары үлкен ынтамен әр түрлі үйірмелерге қатысып, сурет салуға, ән айтуға, би билеуге, домбырада ойнауға әуестенеді.