Соғыс ардагерлерімен кездесу! » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы государственное учреждение Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72770)30-632
Бухгалтерия
+7(72770)30-628
Версия для
слабовидящих
26
февраль
2022

Соғыс ардагерлерімен кездесу!

Гимназиямыздың 9-10 сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.
Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. Ауған жауынгерлерінің қатарында болған, қазіргі таңда ардагер генерал-Халыков Дамир Қасымбекұлы, полковник -Қапаров Серік Абдибаевич қонақта болды.
Капаров Серік Абдибаевич  оқушыларға өзінің басынан өткерген оқиғасын айтып берді.
Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Гимназия оқушылары мен ұстаздарының әуелете шырқаған патриоттық әндері, өлең жырлары, ардагерлерге мерекелік көңіл кдомсыйлады.