19
октябрь
2021
Бүгінгі жас,ертеңгі – қария.
Бүгінгі жас,ертеңгі – қария.Мұны әрбір қазақ азаматтары жадында сақтап, көңілге түйіп,атасыз үйлері – батасыз,анасыз – үйлері панасыз қалатынын ескерген жөн.
Қарттарымыз бағасыз байлық,төрімізде отыруының өзі бір бақыт.
Арсыз күлкің тыйылмас,жылауың да
Айтасың да басылмас ылаңың да,
Араздасып ағайын кетер еді
Бір қария болмаса бір ауылда- демекші, 1 қазан мен 1 қараша аралығында қарттар мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар біздің гимназиямызда да жалғасын табуда. Бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Дария кеуде, тау мүсін. Қарттарым аман саумысың?» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Гимназия оқушыларының атынан жалғызбасты қарт кіслерге көмек көрстілді. Олар: тыл ардагерлері Манатжан атамен жұбайы және де Якупов Ямахан 2-топтағы мүгедек. Қарт кісілер өз аттарынан гимназия оқушыларына ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. Жаңбырмен жер көгерер,Батаменен ел көгерер,- демекші бүгінгі бала-ертең сені бағар азамат екенін ұмытпағанымыз абзал.