Еліміздегі ең жарқын, ең қадірлі мейрамдардың бірі - Ұстаздар күні! » Қарғалы №2 мамандандырылған лицей КММ
Алматы облысы государственное учреждение Жамбыл ауданындағы
"Қарғалы №2 мамандандырылған лицейі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(72770)30-632
Бухгалтерия
+7(72770)30-628
Версия для
слабовидящих
» » » Еліміздегі ең жарқын, ең қадірлі мейрамдардың бірі - Ұстаздар күні!
01
октябрь
2021

Еліміздегі ең жарқын, ең қадірлі мейрамдардың бірі - Ұстаздар күні!

Құрметті ұстаздар! Әріптестер!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды міңгі бақи беріп төрін.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.  Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін! Мерекелеріңізбен!

Похожие публикации:

25 сентябрь 2021 Ұстаздар жетістігі
17 сентябрь 2021 Ашық тәрбие сағаты